Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыбайластық – қауіпті әрекет

28.10.2020, 12:45 649

HALYQLINE.KZ Бүгінгі қоғамның басты тақырыбына айналып отырған сыбайластық жемқорлық – елдің дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін қылмыс. Онымен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – басты мақсат. Осы ретте ел президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» бес институционалды реформасының 13-қадамына тоқталмай кетуге болмайды. Онда «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру» делінген. Бұл бағытта аймағымызда арнайы жұмыстар жасалып жатқаны мәлім. Елдегі мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылатындықтан жемқорлықпен күресу – өркениетті қоғам үшін басты міндет.

Сондай-ақ, ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа бағыттаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлықпен күрес барынша жүйелі сипат алуда. Жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Енді жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан арнайы талдау жүргізген жөн. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен күрес жауапқа тартылудан қорыққан шенеуніктерді дербестік, бастамашылдық және жедел әрекет ету қасиеттерінен айырмауға тиіс» деген болатын.

Президент қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Бұл дегеніміз мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, жалғасын табады деген сөз.

Айзат МҰСАҒҰЛОВА,

заңгер

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: