Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сұмдық оқиға: 8 жастағы қыздың жасырып келген құпиясы

08.10.2020, 9:10 634

HALYQLINE.KZ

Қызыма қорлық көрсеткендер жазасыз қалды! Бұл – қызылордалық көпбалалы ананың базынасы. Гүлмира Нұрмаханова 8 жастағы қызы өзінің құрбысынан таяқ жегенін айтып, налиды. Сұмдық оқиға жуырда болыпты. Алты баласын асырау үшін жұмысқа тұрған ол перзенттеріне бас-көз болар деген оймен ауылдас құрбысын үйіне шақырыпты. Сол күні танысы ұл-қыздарға қараудың орнына ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған балаларды шынжырмен ұрып-соғыпты. Әбден үрейленіп қалған балалар бұл жайлы бірден аналарына айтуға қорқыпты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

– Әйгерім, тәтең қалай ұрды?

– Шынжырмен.

– Шынжырмен қалай ұрды?

– Қатты.

Бұл – Гүлмираның 8 жастағы қызының жасырып келген құпиясы! Анасы сұмдық оқиға жайында уақыт өте біліпті. Қызын шомылдырмақ болғанда өз көзіне өзі сенбеген. Себебі, үстінде соққылардан сау жері қалмапты.

Гүлмира, қала тұрғыны:

«Екі күннен кейін жуындырайын деп, не істесем, шешпейді үстін, жылайды. «Мен Әйгерім тәтеден қорқамын-қорқамын» дей береді. Қорықпа, ұрмайды ешкім айтсай десем айтқан жоқ. Суға түсіріп алдық бірақ. Сосын жәймендеп сөйлескенмін, көрші қызды шақырып алып, сен сөйлесіп көрші, мүмкін саған айтатын шығар дегенмін. Сөйтсем «Әйгерім тәте мас, еркектерді әкеліп отырып ішті, мені шынжырмен ұрды, екі баланы шығарып жіберді деп айтты».

Болған жағдайды Гүлмираның көршісі де растап отыр.

Әйгерім Есқараева, Гүлмираның көршісі:

«Қыздың үстін шешіндірген кезде уже синяк, белгілі ғой ұрған, көгерген, қанталап кеткен. Неше түрлі цвет болып тұр: фиолетовый, розовый қанталап жәймен-жәймен кете бастаған кез ғой. Сосын біз суретке түсіріп алдық, видео да бар».

Бұл суреттерге қараудың өзі қорқынышты. Жеткіншектің белден төмен тұсы көк-ала болғанын көрген анасы құрбысымен келген еркектер оған зорлық көрсетуі мүмкін деп күдіктенуде. Сөйтіп, облыстық балалар ауруханасына барыпты. Ондағылар қарайтын маман жоқ деген уәжбен шығарып салыпты. Мұнан соң көпбалалы ана құзырлы органдарға арызданған.

Қарлығаш Абраманова, Гүлмираның көршісі:

«Зорланған деген баппен күдіктенсеңіздер, ОМЦ-ға алып келіңіздер деді. Біз ОМЦ-ға апара жатқан шығар деп едік скорыйды, бірақ бізді детский больницаға апарды. Ол больницада гинеколог жоқ екен. Врач ондай қатты тексерген жоқ, қыз бала қабырғасын ұстаған кезде шырылдап жылады, осы жерім, мына жерім ауырады деп айтып тұрды, бірақ врач оған мән берген жоқ. Анализін аламыз дегенде қыз кіші дәретке шыға алмады, бір апта болыпты шыға алмай жүргеніне. Ақсайдан ешкім келмей-келмей зорға дегенде түнгі 1-дің уақытысында участковый келді. Арызын алып-алып, содан кейін хабарласқан жоқ».

Мәселенің мән-жайын білмек болып полицейлерге де бардық. Ондағылар зорлану фактісі дәлелденбеді дегенді алға тарттты.

Ермекбай Құдайбергенов, Қызылорда қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары:

«Аталған хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы тексеріп, сот-медицина экспертизасы дайындалғанан кейін «дене жарақаты жоқ» деп берді. Дегенмен де ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес, құқық бұзушы азаматшаға ұрып-соқты деген немен хаттама толтырылып, іс әкімшілік сотқа жолданды».

Тәртіп сақшылары зорлану фактісін сот-сараптамасына сүйеніп жасап, жоққа шығарып отыр. Ал Гүлмираның бұл тексеруге көңілі толмайды, себебі сол сарапшылар қорытынды шығарар кезінде жұмыстарына немқұрайдылық танытты дейді.

Гүлмира, қала тұрғыны:

«Үлкен аға екен. Футболкасын көтерді де төмен жағын шешпей-ақ қой деді. Сосын былай футболкасын көтерді де түсіре салды, ешнәрсе істеген жоқ. Ол футболка белге дейін ғана келеді де, төменгі жағы қатты көгеріп тұрды. Оны қараған жоқ!».

Сот-сараптама орталығының басшысы барлығын заң шеңберінде жасағандарын айтады. Ал, егер де жәбірленушілердің сараптамаға көңілдері толмаса, басқа жерден екінші мәрте тексеруден өтулеріне болады дейді. Ал жалған қорытынды үшін сарапшы жауапқа тартылатын жеткізді.

Бақытбек Ержанов, Қызылорда облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры:

«Сот сараптамасын сот сарапшы мынау Қылмыстық кодекстің 420-бабына сәйкес, ол тікелей жауап береді жалған қорытындыға. Сондықтан ол жалған қорытынды беруге бармайды біздің сарапшылар. Барғанның өзінде де қазір сараптама түрлері көп, мысалыға қосымша тағайындауға болады, кешенді экспертиза тағайындауға болады, қайталама сараптама тағайындауға болады. Осы сараптама тағайындау арқылы бұл әділеттікке жетуге болады. Бірақ, мен ойлаймын біздің сарапшылар толық, жан-жақты сараптама жүргізіп берді деп ойлаймын».

Ал болған оқиғадан соң 8 жастағы қыз бала өз-өзіне тұйықталып, ойнамақ түгілі сөйлеуден қалыпты. Ал, оны ұрып-соққан Әйгерім деген әйел Қызылордадан бой тасалапты. Полицейлер әкімшілік іс қозғағанымен, осы уақытқа дейін дәрігерлер тарапынан бұл отбасыға бір психолог келмепті. Ал 6 баланың анасының жеке дәрігерлерге қызын апаруға жағдайы келмей отыр.

Дереккөз: zakon.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: