Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған азамат отбасымен мұражайға барды

13.09.2020, 11:00 928

HALYQLINE.KZ Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен.

Өмірде шалыс басып, темір торға түскен азаматтарды тәрбиелеу – түзеу мекемесінің міндеті. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан азаматтармен тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылған. Сотталған азаматтардың отбасымен байланысын үзбеу мақсатында түрлі шаралар өткізіліп келеді. Осындай шаралардың нәтижесінде, түзелу жолына түскен азаматтар да аз емес.

Соның бірі – ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жүрген С есімді азамат. Ол мекеменің ішкі күн тәртіп ережелерін бұзбай, қоғамдық, мәдени іс-шараларға қатысып, мекеме бастығының атынан 3 рет марапатталған.  Оң мінезді болып танылған азамат,  ҚР ҚАК-нің 143-бабына сәйкес, мекеме аумағынан шығып, пәтер жалдап тұрып жатыр.  Отбасы күніне орай, мекеме әкімшілігі бұл азаматтың  отбасымен бірге қаланың көрікті жерлерін аралатып,  облыстық тарихи-өлкетану музейіне  экскурсия ұйымдастырды.

Мұражай қызметкерлері сотталған азаматтың отбасын  жылы шыраймен қарсы алып, осындағы өлкеміздің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін 14 залды аралап, мол мағлұмат берді. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан  тамаша  әсер алған сотталған азамат мекеме әкімшілігіне алғысын айтты.

Бұл шараның мақсаты – сотталғандарды қоғамға оң көзқарасын қалыптастырып,  отбасымен, туған- туыстарымен байланысын үзбеу.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: