Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Sms-хабарлама арқылы cотқа шақыру – тиімді тәжірибе

13.05.2020, 17:41 1157

Сот жүйесіне жаңа технологияларды қолдану кеңінен қолданысқа еніп келеді. Атап айтқанда, қазіргі уақытта еліміздің соттарында сот отырысын дыбыс, бейнежазба құралын пайдаланып жазу, электронды түрде талап арыз, өтініш беру тәсілдері тиімділігін көрсетуде. 

Сонымен қатар, бүгінгі таңда тараптарды сот отырысына sms-хабарлама арқылы шақыру тәжірибесі жиі қолданылады. Сотқа қатысатын тараптарды тез шақыру үшін соттар олардың ұялы телефон нөмірлеріне қысқаша хабарлама жолдайды. Аталған хабарлау түрі жеке және заңды тұлғаларға өте тиімді және уақыт пен қаражатты үнемдейді.

Сотқа талап арызбен жүгiнген азамат электронды хабарлауға келiскен жағдайда, ұялы телефонына немесе электрондық поштасына оның арызы бойынша сот құжатының шыққаны және сайт арқылы таныса алатындығы жөнiнде логин мен құпия сөз көрсетiлген sms-хабарлама жiберiледi.

Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып, қаражатын шығындаудың қажетi жоқ. Sms арқылы тараптарды сотқа шақыру соттың жұмысын жеңiлдетiп қана қоймайды. Бұл – қазiргi заманға сай өте қолайлы және жедел тәсілдердің бірі. Яғни, сот өндiрiсiне талап арыз тапсырған уақытта тараптар өздерiнiң ұялы телефон нөмiрлерiн көрсетсе, соған сәйкес сот қызметкерлерi «Төрелiк» бағдарламасы бойынша сот процесiне қатысушы азаматтың ұялы телефон нөмiрiне сот отырысының болатын уақыты мен орны жөнiнде электронды хабарламалар (Sms-хабарлама) мен шақырту хабарлама жолданады.

Sms-хабарлама азаматтың ұялы телефонына жеткiзiлгенi жөнiнде ақпарат келiп түскен жағдайда, бұл аталған азаматтың сот отырысының болатын уақыты мен орны жөнiнде хабарланғаны болып танылады. Сот жүйесiнде заманауи технологияларды пайдалану сот iсiн жүргiзудi жеңiлдетеді және сот отырысына қатысуға байланысты кедергiлердi қысқартады.

Сонымен қатар, sms-хабарламалар сот қызметкерлерiнiң азаматтармен байланысын азайтады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың қысқаруына септiгiн тигiзедi. Жалпы алғанда, халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейдi және азаматтар үшiн сот жүйесiнiң ашық әрі қолжетiмдi болуына мүмкiндiк бередi.

Жанат Ахметова,

Байқоңыр қалалық сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: