Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Режимді бұзғанға бұғау бар

27.03.2020, 10:20 861

COVID-19 індетімен күресу мақсатында ҚР Прокуратурасы мен мемле­кеттік органдар иық тіресіп енгізілге­н төтенше жағдай режимі кезін­де заңдылық пен құқықтық тәр­тіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Дегенмен, прокуратура пәрменіне пысқырып та қарамай  жатқандар баршылық. Құзырлы орган қорғану құралдарын алып­сатарлыққа  жол бермеу туралы нұсқау берді.  Әйтсе де, 3,5 млн меди­циналық  бетперденің заңсыз сату фактісі анықталыпты. Олардың барлығы тәркіленіп, аумақтық денсаулық сақтау  органдарына  берілген.

Бүгінгі таңда бұл бағытта жұмыс күшейтілді. Жергілікті билік азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын қал-қадірінше атқаруда. Десе де, кейбір тұлғалар мемлекеттік органдардың ескертулерін, қойылған шектеулер мен тыйымдарды елемей, жалған ақпараттар таратуын тоқтатпай тұр. Бұл қатарда қызылордалықтар да бар. Айталық, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабын бұзған (Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi бұзу немесе талаптарды орындамау) 29 дерек анықталған. (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес төтенше жағдай режимін бұзу 10 АЕК-ке дейін айыппұл не­месе 15 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғады). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық  кодексінің 274-бабы 4 бөлігімен (төтенше жағдай­  кезінде көрінеу  жалған  ақпарат тарату) 5 факті тіркелген. (ҚК 274-бабы 4 бөлігі бо­йын­ша – 3-ден 7 жылға дейін бас бостан­дығынан  шектеу немесе айыр­уы  мүмкін).

Жасыратыны жоқ, бұрын-соңды елімізде мұндай жайт болған емес. Ресми орган коронавирус инфек­циясын жұқтырғандардың емханадан өздігінен кетіп қалып, сондай-ақ, айнала­сындағыларға қауіп төндіру және кіммен байланыста болғаны туралы­  мәліметті жасыру жағдайлары тіркелгенін хабарлады. Бүгінгі күні 2 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жүргізілуде.

ҚР Прокуратурасы ел тұрғын­да­рына «Төтенше жағдай кезінде шектеу шараларын сақтамағаны үшін қандай жауаптылық көзделе­тінін  әрбірі  білуі қажет. Сондай-ақ, Төтенше жағдай кезінде құқық­тық тәртіпті бұзуға итермелейтін әре­кеттер үшін (ӘҚБтК-тің 478-бабы) – 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салы­нады немесе­ 30 тәулікке дейінгі мерзім­ге  әкімшілік  қамауға алынады. Санитариялық-эпидемиологиялық  нормативтерді  бұзу (ӘҚБтК-тің 425-бабы) қызметін тоқтата тұрумен 2 мың  АЕК мөлшерінде  айыппұл, ал бақылау органдарының талаптарын орын­дамау (ӘҚБтК-тің 462-бабы) қызметін тоқтата тұрумен қоса 500 АЕК мөлшерінде  айыппұл салынады»  деп  ескерту жасады.

Құзырлы орган бұқаралық ақпарат  құралдары мен әлеуметтік желілер  арқылы азаматтарды үрейге беріл­меуге, сабырлық танытуға, заңдыл­ықты сақтауға, уәкілетті органдардың тыйым салынған және шектеу қойған талаптарын орындауға, жалған­  хабарламаларға  назар  аудармауға және тек ғана ресми ақпарат көзде­рінің хабарлама­ларын басшылыққа алуға шақыру­да. Сондықтан қаңқу сөзге ермей, тек ресми мәлі­метке сүйенген абзал. Әйт­песе, режимді бұзғандарға  бұғау  бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: