Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық полицейлер жыл бойғы жұмысын қорытындылады

08.01.2021, 19:00 395

Полиция жалпы құқық бұзғандарды аңдып, қамауға алып, айыппұл салуды меңземейді. Олардың басты мақсаты – заң талабын бұздырмау. Түсіндіру жұмыстары арқылы алдын алу. Күндіз-түні, ауа-райының қолайсыздығына қарамай, елімізге келген індетке байланысты карантиндік режимде күшейтілген түрде жұмыс істеді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жыл басында бекітілген жоспарлар бойынша түрлі профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жылды қорытындылады.

Қала көлемінде жалпы қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелуі 39,1 пайызға, онша ауыр емес қылмыстар 39,4 пайызға және ауырлығы орташа қылмыстар 60,7 пайызға төмендеген. Жалпы қылмыстардың тіркелуінің 39,1 пайызға төмендеуі алаяқтық, бұзақылық және ұрлық қылмыстарының есебінен төмендеген.

Есірткі қылмысымен күрес бағытында бекітілген жоспарға сәйкес атқарылған жұмыстар нәтижесінде, есірткі қылмыстарының тіркелуі 19,1 пайызғатөмендеген.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен (272камера) 2020 жылдың 12 айында полицияның кешенді күштерін тиімді пайдалану арқылы 107қылмыстың ашылуына септігін тигізсе, 16 мың 716 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған.

Есепті мерзімде тіркелген қылмыстың 40,5 пайызын ұрлық қылмыстары құрағандықтан, профилактикалық жұмыстардың негізгі бөлігі осы бағытта атқарылды.

Қала көлемінде криминогендік ахуалды сауықтыру бағытында 2020 жылы 12-айда жекелеген қылмыс түрлерінің алдын-алуға байланысты «Пәтер», «Қару», «Мал ұрлаушы», «Автоұрлық», «Аккумулятор»жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, оң нәтижесін беруде.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде бөтен мүлік ұрлығының тіркелуі 56,2 пайызға, пәтер ұрлығының тіркелуі 47,7 пайызға, мал ұрлығының тіркелуі 37,6 пайызға және ұялы телефон ұрлығының тіркелуі 59,6 пайызға төмендеген.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптасыру бағытында барлығы10,471құқық бұзушылық анықталып, әкімшілік шаралар қолданылды. Оның ішінде: қоғамдық орында мас күйде жүрудің 3861, ұсақ бұзақылық немесе қоғамдық орындарды ластаудың 1035, түнгі тыныштықты бұзудың 2295, белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 225, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз жүрудің 997, белгіленбеген уақытта ойын-сауық орындарда жол берудің 31 дерегі тіркелген.

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша әкімшілік құқық бұзғандары үшін 24 мың, жол қауіпсіздігі бойынша 101 мың азаматқа әкімшілік хаттама толтырылған.

Облыс орталығында қызмет атқаратын полиция кешенді күш-құралдарының жұмысы жаңа бағытта ұйымдастырылып, яғни күнделікті 30-ға жуық қызметкерлер жаяу патрульдеу, аула аралау жұмысымен айналысуда.

Нәтижесінде, 12-айда қоғамдық орында істелген қылмыстар 42,1 пайызға, көшеде жасалған қылмыстар 30,3 пайызға, мас күйінде жасалған қылмыстар 16,2 пайызға, топтасып жасалған қылмыстар 14,7 пайызға, кәмелетке толмағандермен жасалған қылмыстар 40 пайызға жәнеқарумен жасалған қылмыстар 61,1 пайызға төмендеген.

Жол көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында жыл басынан түрлі профилактикалық бағытта яғни, «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші», «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы», «Такси», «Автобус»,тағы басқа да жедел профилактикалық іс-шаралар бірнеше реттен ұйымдастырылды. Нәтижесінде, болған жол көлік оқиғалары 12 пайызға төмендеген.

Жыл басынан жаңадан өзгертілген Заңнамаға сәйкес, автокөлікті 2-ші мәрте мас күйінде басқарғаны үшін қылмыстық іс қозғалып (ҚК 346-бабы), дереу қамаққа алу қолданысқа енгізілді.

Осының негізінде, автокөлікті мас күйінде басқарудың (әкімшілік кодекстің 608-бабы) 551 дерегі анықталса, қайта құқық бұзушылық жасағандардың 26-дерегі анықталып, мас күйіндегі жүргізушілер қамаққа алынды. Одан бөлек, автокөлікті құжатсыз басқарудың 5624 дерегі анықталып, заңда көрсетілген тәртіппен жауапқа тартылды.

Қазіргі таңда, Қызылорда қаласының қылмыстық ахуалы бір қалыпты.

Қызылорда қалалық

Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: