Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада жоғалған тұрғын Тараздан табылды

18.11.2020, 17:00 381

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы, Шиелі ауданының 58 жастағы тұрғыны қараша айының басында жоғалып кеткен. Туысқандарынан арыз қараша айының 5-іне Қызылорда облысы ПД-нің Шиелі аудандық полиция бөліміне түсті.

Қызылорда облысы ПД-нің Шиелі аудандық полиция қызметкерлері жан-жақты іздестіру шараларын жүргізді. Қызылорда облысы аумағы мен еліміздің барлық облысы мен аудандарына, қалаларына іздеу туралы ақпарат жіберілід. Аудандық еріктілермен бірлесіп Шиелі ауданының елді мекендерінде іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Дәулет Беркімбаев жеке құрамның жиынында із-түзсіз жоғалғанның жүрген жерін анықтау, оны тауып, ағайын-туыстарына тапсыру бойынша атқарылған іс-шараларды пысықтап, іздестіру жұмыстарының орындалуын өзінің бақылауына алды.

Іздестіру нәтижесінде Шиелі аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен хабарсыз кеткен азамат Тараз қаласы, Айша бибі ауылында табылды.

Қазіргі уақытта жоғалған азамат аман-есен үйіне оралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: