Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада қылмыстық құқықбұзушылық төмендеп келеді

20.10.2020, 14:15 829

HALYQLINE.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Ағымдағы жылдың 9 айында тіркелген қылмыстық құқықбұзушылық 36 пайызға (4549-дан 2848-ке) төмендеді.

Сонымен қатар, қоғамдық орындарда (-40,1%), көшелерде (-30,7%), топпен (-36%), мас күйінде (-17,5%), жасы кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар азайды (-35,8%).

7 қыркүйектен бастап 1 желтоқсан аралығында облыс көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Бұл шараның мақсаты – әкімшілік аймақта қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджі мен беделін көтеру, халықтың сенімін арттыру.

Шара барысында, барлығы 75 мыңнан астам пәтер мен жекеменшік үй тексерілді.

Тексеру барысында, қала орталығында 54 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, құжаттар тиісті органға жолданды.

Ішкі істер органдарының тізімдік есебінде тұрған 4 мыңнан аса тұлғалардың мекенжайлары бойынша тексеріліп профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Іс-шара барысында заңсыз айналымнан 37 қару тәркіленді.

Сонымен қатар, 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталып, олар бойынша тиісті шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау, жолын кесу мақсатында 12 қазаннан бастап 11 қараша аралығында «Браконьер» жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.

Жеті күннің нәтижесімен табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 59 дерегі тіркелді. Оның 1-еуі қылмыстық және 58-і – әкімшілік құқықбұзушылық.

Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзудың 28 дерегі, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың 6 дерегі тіркелді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 15-31 қазан аралығында «Қауіпсіз қала» шарасы өткізілуде. Онда полиция басқармасының қызметкерлері, қалалық әкімдік, прокуратура, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, «Жас Отан» өкілдері және еріктілермен бірлескен рейдтің 2 күнінде 53 құқықбұзушылық анықталды.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүру деректері тыйылмауда.

Жыл басынан кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 2 мыңнан астам бала анықталып олардың ата-аналарына әкімшілік шаралар көрілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста тіркелген жол апаттары -22,1 (402-ден 313-ке), қайтыс болғандар -22,9 (83-тен 64-ке), жарақат алғандар -23,9 пайызға төмендеді (464-тен 353-ке).

Талдау көрсеткендей, көлік оқиғаларының басты себебі – жылдамдықты арттыру, қарсы бағытқа шығу, автокөлікті мас күйде басқару.

Жыл басынан жол қозғалысын бұзудың 91 мыңнан астам дерегі анықталса, оның ішінде жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті құжатсыз басқарудың – 7175, автокөлікті мас күйде басқарудың – 846, қарсы бағытқа шығудың 412 дерегі әшкереленді.

Жыл басынан автокөлікті мас күйде басқарған 846 жүргізуші ұсталып, әкімшілік қамауға алынды, оның ішінде 711-і көлік құралын жүргізу құқығынан айрылды.

Жыл басынан болған 221 жол-көлік оқиғасының 18-і мас жүргізушінің кінәсінен болып, нәтижесінде 7 адам қайтыс болса, 23 адам жарақат алған.

Өзекті мәселелердің бірі – карантин шектеу тәртібін бұзу.

Әлі де болса той жасап, ас беріп, туған күн тойлайтындар әлі де тыйылар емес. Той халық қазынасы, дегенмен де заң талаптары бәріне ортақ.

Бүгінгі күні, құрылған 24 мобильді мониторинг тобымен жұмыс істелуде. (полиция – 29, СЭС – 24, ЖАО – 33, БАҚ – 24, волонтерлар – 36, қоғамдық көмекшілер – 19).

Карантин талаптарын бұзудың барлығы 679 дерегі анықталды. Оның 334-і мониторингтік мобильді топтармен бірлесіп анықталса, өзіміздің күшімізбен 225 дерек анықталып, жинақталған құжаттар тиісті органдарға жолданды.

Қазіргі таңда, карантин талаптарын бұзып той жасау дерегінің 145 тіркелді.

Соңғы демалыс күндері 97 заң бұзушылық анықталды, оның 81-і той өткізу (қалғаны: 6 компьютерлік клуб, 4 дүкен, 2 бильярд, 1 кальян және 1 аяқкиім жөндеу орны).

Карантин талаптарын бұзу Аралда – 41, Қазалыда – 34, Қармақшыда – 16, Жалағашта – 26, Сырдарияда – 17, Шиеліде – 20, Жаңақорғанда – 14 дерегі анықталған (Қызылорда – 143, Байқоңыр – 23).

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: