Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада ірі мөлшерде екі есірткі алқабы анықталды

10.09.2020, 14:30 590

HALYQLINE.KZ  3 қыркүйекте «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Келінтөбе ауылының күн батыс бетіндегі құмның арасына екі есірткі алқабы анықталды.

Жедел тергеу тобымен оқиға орнында «Қара ой» деп аталатын құмды далада 20 соттық жерден, арнайы дайындалған егістік алқаптан ерекше исі бар жасыл түсті 5032 (бес мың отыз екі) түп шөп анықталып, алынды.

Күдікті ретінде оқиға басында үш азамат ұсталды, олардың біреуі Алматы қаласының тұрғыны, екеуі Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда күдіктілер Жаңақорған АПб-нің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: