«Халық» газетіне – үздіктер қатарында!

  • USD: 421.91 (1.24)

  • EUR: 511.57 (0.58)

  • RUB: 5.59 (0.01)

Қызылордада азаматша түзеу мекемесінен бостандыққа шықты

13.01.2021, 10:00 112 0

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінен С есімді азаматша бостандыққа шықты. Ол сеніп тапсырылған мүлікті иемдену, талан-таражыға салу бабы бойынша сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеуге осы мекемеге жіберіледі. Мекемеде жазасын өтей жүріп, мәдени іс-шараларға белсене қатысады. Арнайы есепке алу тобының қызметкерлері азаматшаның ҚР ҚК-нің 73-бабына сәйкес жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру үшін жазған өтінішхатын іс-құжаттарымен қоса сотқа жолдайды. Сонымен қатар, ол мемлекетке келтірілген 2 млн 319 378 тг шығынын ерікті түрде толығымен өтеген. Оның жазған өтінішхаты сотпен қанағаттандырылып, бүгін түзеу мекемесінен босатылды.

Бұл – мекеме қызметкерлерінің, сотталғандарға құқықтық түсіндірме жұмыстарының тиянақты жүргізгендігінің нәтижесі.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: