Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда тұрғыны полицейлерді неге балағаттады?

16.04.2020, 17:37 262

HALYQLINE.KZ –| «Қызылорда облысында полицейлерді балағаттаған тұрғын ұсталды» деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында облыс орталығының 28 жастағы тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, оларға тіл тигізген.

14 сәуір сағат 22:30 шамасында Бұқарбай батыр ауылының тұсында орналасқан санитарлық бекетте “Toyota-camry”​ маркалы автокөлігінің жүргізушісіне полиция қызметкерлері Жалағаш кентіне кіруге рұқсат бермейді. Осы сәтте көлік жүргізушісі ​ полиция қызметкерлерін балағаттап, заңды талаптарына бағынбай, полицейлердің бірінің аяғын көлігімен басып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Жалағаш ауданының полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел әрекеттері нәтижесінде билік өкілін қорлаған азамат ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл азаматқа қатысты карантин режимін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік іс қозғалып, аудандық сотқа жолданды.

Жалағаш аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы екі тәулікке қамаққа алынды. Одан бөлек, билік өкілін қорлау дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігімен (билік өкілін қорлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіні қолхатпен босатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: