Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласында алимент қарызы – 700 миллиондай теңге

18.05.2020, 15:02 641

Қызылорда қаласының прокуратурасымен алимент санаты бойынша атқарушылық өндірістерге тұрақты түрде талдау жүргізіледі.

Бүгінде қала аумағы бойынша 5300 атқарушылық құжаттар бойынша атқару әрекеттерінің тиісті деңгейде жүргізілмеуінің салдарынан 694 млн теңгеден астам алимент қарызы қалыптасқан.

Жүргізілген талдаумен алимент өндіруге қиындық туғызатын борышкерлердің берешегі 305 атқарушылық өндіріс бойынша 152 097 785 теңгені құрайды. Оның ішінде берешек қарызы 1 млн. теңгеге жетпейтін қиындық туғызатын – 136, 1 млн мен 2 млн Теңге арасындағы берешегі қалыптасқан – 121, 2 млн теңгеден жоғары берешек қарызы бар 48 атқарушылық өндірісті құрайды.

305 қиындық тудыратын атқарушылық өндірістерге жүргізілген тексеріс нәтижесімен төмендегі анықталды.

  1. 98 399 992 теңгені құрайтын 58 атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлердің меншігінде мүлік тіркелгендігі анықталып, тыйым салу әрекеттері жасалынбаған;
  2. 69 808 735 теңгені құрайтын 40 атқарушылық өндірістер бойынша борышкерлердің жүргізуші куәліктері анықталғанымен, олардың құқығын уақытша тоқтату жөнінде сотқа ұсыныс жолданбаған;
  3. Берешек қарызы туралы мәлімет 5 борышкерге тұрғылықты мекенжайы бойынша жолданбаған.

Аталған заңдылықты бұзушылықтар бойынша тиісті прокурорлық қадағалау актілері енгізілуде.

Бұған дейінгі жүргізілген талдаумен алимент өндіру санаты бойынша 4 329 атқарушылық өндіріс зерделеніп, анықталған заңдылықты бұзушылықтарға сәйкес Қызылорда облысының әділет департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою бойынша ұсыну енгізілген болатын.  

Қызылорда қаласының прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: