Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

05.01.2021, 16:40 395

Қызылорда облысында жойылып кету қаупі төніп тұрған киік ату дерегі тіркелді. «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері бүгін түнгі сағат 03:20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда Лада Ларгус»  маркалы күдікті автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышынан 4 бас киік анықталды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан 1 дана қоян, 2 дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оқ дәрілері айғақ зат ретінде алынды.

Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдіктілерге қатысты  бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

 

Қызылорда облысы

Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: