Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда: 1 күнде 350-ден аса құқықбұзушылық анықталды

23.09.2020, 16:00 371

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің және Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 22-24 күндері аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Көлік құралын мас күйінде басқару, жолдың қарсы бағытына шығу, жылдамдық режимін бұзу, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өтпелерінен өту ережелерін бұзу деректерін анықтауға 300-ден астам қызметкер жұмылдырылды.

Іс-шараның 1 күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы 354 дерегі анықталды.

Оның ішінде заңсыз қайта жабдықтаудың – 6, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген – 15, ұялы телефонмен сөйлесудің – 38, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырудың – 39, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін бұзудың – 64, маневр жасау ережесін бұзудың – 12, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 13, алкогольді масаң күйде көлік құралын басқарудың – 5, құжатсыз көлік құралын басқарудың 51 дерегі анықталды.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: