Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қызметке орналастырамын» деп, опық жеді

07.10.2020, 11:25 484

HALYQLINE.KZ

Елімізде біреудің ақысын жеп, алдап, арбау арқылы пайда тауып жүрген әйелдердің саны азаймай тұр. Бір қызығы, алдайтындардың да, алданатындардың да 90 процентке жуығы әйелдер екен. Бұл қатарадан қызылордалықтар да қалысатын емес.

Бір мысал. Осы жылдың 5 қазанында Қызылорда облысы ПД Жаңақорған аудандық полицияның кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны арызданған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бақсақ, былтырғы жылдың тамыз айында белгісіз әйел оның сеніміне кіріп, алдау жолымен 1 миллион 200 мың теңге көлемінде ақшасын алғаны анықталды. «Жалақысы жоғары қызметке орналасуға көмек беремін» деп өз уәдесін орындамаған әйел қашып жүрген. Осындайда ақшасынан айырылған азаматты да ақтап ала алмайсың, бір жыл бойы «қашпаған сиырдың уызынан дәметіп» жүре бергені қызық екен.

Арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары іске кірісіп, жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті азаматша ұсталды. Ол сол ауданның 39 жастағы тұрғыны болып шықты. Бүгінде күдіктіге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігіне (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүрігізілуде.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: