Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қылмыстық іс қайта дәрежеленді

04.09.2020, 15:45 572

Жазылған  жайтқа  жауап

HALYQLINE.KZ Осыдан он бес күндей бұрын «Халық» газетінің редакциясына Қазалы ауданының тұрғыны Панабек Ізбасаров хат жолдап, 23 шілде күні өзін бір топ бұзақының таяққа жығып, денсаулығына қатер төндіргенін, ауруханада емделгенін, алайда аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушілері бір ай бойы істі созып жүргенін келтірген болатын. Оқырманның хатын біз «Халық» газетінің №33 (20.08.2020ж) санында «Бұзақылар бостандықта жүре бере ме?» деген тақырыппен Қызылорда облысы прокурорының назарына бағыттап, жариялаған едік. Бүгін аталған құзырлы орыннан жазылған жайтқа орай төмендедігей жауап келді.

24.07.2020 жылы аудандық полиция бөлімінің ақпараттық есепке алу кітабына (АЕК) Қазалы ауданаралық ауруханасының мейіркеші Ұ.Қалдыбайдың телефон хабарламасы тіркеліп, онда Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Желтоқсан көшесі №44 «Б» үйдің тұрғыны, 18.07.1984 жылы туған Избасаров Панабек Мухамедгалиевич «Тупая травма живота» диагнозымен ауруханаға түскендігін көрсеткен. Тексеру барысында, 2020 жылдың шілде айының 23-інен 24-іне қараған түні Әйтеке би кентіндегі «Жалаңтөс» саябағының ішінде Избасаров Панабекті белгісіз біреулер ұрып-соққандығы анықталған.

Аталған оқиға бойынша жинақталған құжаттар 25.07.2020 жылы Қазалы ауданының полиция бөліміне ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1)-тармағымен тіркеліп, тергеп-тексеру басталған. 27.07.2020 жылы Қазалы аудандық ауруханасында ем алып жатқан Избасаров Панабектен арызы алынып, іс бойынша жәбірленуші ретінде танылып, сол күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. 18.08.2020 жылғы сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші П.Избасаров «ауыр» дәрежелі дене жарақаттарын алғандығын бекіткен. Осыған байланысты 20.08.2020 жылы қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігінің 7)-тармағымен қайта дәрежеленді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық күдіктілер анықталып, қылмыстық іс шеңберінде тиісті жауаптар алынып, оларға қатысты тиісті бұлтартпау шаралары қолданылатын болады.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Көрнекі сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: