«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 427.91 (0.00)

  • EUR: 506.9 (0.00)

  • RUB: 5.6 (0.00)

Құқықбұзушылық – қоғамға жат қылық

29.09.2020, 18:00 176 1

HALYQLINE.KZ

Бүгін Жаңақорған ауданы әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның отырысын өткіздім. Ауданда мәселе көп, оны күн-түн демей түзетпесек, жағдай асқына береді.

Біріншіден, бақылау камералары стандартқа сай келмейді. 2014 жылы алынған камералар тиісті талаппен қабылданбаған, бақылау объектісі өте нашар. Ендігі кезекте 2021 жылдың бюджеті бойынша заманға сай келетін камера алуды негізге алдық. Ол үшін облыстық полиция департаментінің жедел-басқару орталығы берген сертификатқа сүйеніп, түнгі бақылауды да жүзеге асыратын жағдайға жеткізгеніміз жөн.

Екіншіден, мал ұрлығымен күресті күшейтуіміз керек. Біз өзге облыспен шектесетін аудан болғандықтан осылай ұдайы қадағалау жүргізу арқылы мал ұрлығына тыйым жасай аламыз. Сонан соң полиция инспекторымен бірге ауыл әкімдері көліктен түсіп, бір сәт атқа мініп, өз аумағындағы ел-жерді көзімен көріп, жауапкершілігін арттырып отырса, қылмыстың алдын алуға болады.

Үшіншіден, отбасылық, топтық той-жиын өткізуде шектеу мәселесіне атқарушы органдардың бақылауы көңіл көншітпейді. Кент, ауыл әкімдері, полиция қызметкерлері елге жақындағаны дұрыс, құқықбұзушылықтың алдын алуда мұның тиімділігі зор.

Төртіншіден, жол-көлік оқиғаларына аса мән берген жөн. Қазір ауданда көлік көп, бір-бірімен жарысып, тиісті заңдылықтар сақталмайды. Бағдаршам талабы ескерілмейді.

Бесінші, тазалық мәселесі. Көшеге күл-қоқыс тастау тоқтамай тұр. Тазалық мекемесімен өзара келісімшарт жасалмайды. Сөйте тұра, кей тұрғындар көшеге қоқыс лақтыра салуға әдеттеніп алған. Жалпы, сана тазармай дала тазармайтыны анық. Ал, құқықбұзушылықтың үлкен-кішісі болмайды. Сол үшін бірлескен шараларды тұрақты іске асыруға тиістіміз.

Руслан  РҮСТЕМОВ,

Жаңақорған  ауданының  әкімі.

Фейсбуктегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер:
  • Өте дұрыс өзекті мәселе козғадыңыз,куәсі болдым ісіңізге сәттілік және қолдаймын.Тұрғын үй салуға жер телімін беру сағызша созылып жатыр және шаруашылық жер беру қиының қиыны осы жерде шешімін таппайтын маселе өте көп,өткен жылы арыз тастағанмын шаруашылық жер алуға хат хабар жоқ,жер сұрасаң жер жоқ бірақ жердің бәрі игерілмей жатыр.Жол азабы күрделі мәселе өткен жылы аудан ішінде су құбырын жүргізген болатын,жолдардың қақ ортасын тіліп жолдың тілім тілімін шығарды,улкен машиналар откенде үйіміз құлап қала жаздайды және сапасыз жолды қаита жөндеді атап айтсақ қожанов және алдамжар көшелері 40-50сантиметрге қысқарып кетті осыган жауапты тұлғалар қалай кабылдады дәлел кажет болса жүріп өтсеңіз белгілі болады.Тағы өзекті мәселе ауыз су қатырынан екі мәрте жүргізлді,нәтижесінде су ақпады мемлекеттің милярттары ауага ұшты десек болады,кабылдаған мекемелер жауап беруі қажет.көз қыстық ауыз бастық көрініп тұрғаны анық.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: