Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Құқық тәртібі»: 10 адам мас күйінде көлік жүргізген

26.11.2020, 17:30 790

HALYQLINE.KZ Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының Полиция департаменті  Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ибраев Бауыржан Әшімұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қылмыстың алдын алу, ізін суытпай ашу, жол апаттылығын болдырмау мақсатында, ағымдағы жылдың 23-30 қараша аралығында «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Профилактикалық іс-шара кезінде ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғалардың 736-ы тексерілді. 2 ұрлық қылмысы және 1 алаяқтық ашылды.

Облыс бойынша барлығы 1098 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде, қоғамдық орындарда мас күйде болған 135 тұлға, түнгі тыныштықты бұзған 67, алкоголь өнімдерін сату тәртібін бұзған 12 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жылдамдықты шамадан тыс асырған – 155, жаяу жүргіншілерге жол бермеген – 33, көлікті мас күйде басқарған 10 жүргізуші анықталып, тиісті әкімшілік шаралар көрілді.

«Қыс мезгілінде күн райының өзгеруіне және жолда көктайғақ болуына байланысты, патрульдік полиция қызметкерлерімен автокөліктер жүргізушілеріне доңғалақтарын қысқы шинаға ауыстыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ауыстырылмаған жағдайда, Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігімен жауапкершілік қарастырылғанын назарларыңызға саламыз. Жаяу жүргіншілерге де жол жағдайын ескеріп, көлік құралынан қауіпсіз ара қашықтықты сақтап, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін жеткіземіз», – деді спикер.

Карантин талаптарын бұзу деректерін анықтау бойынша облыста 24 мониторингтік мобильді топ жұмыс істеуде, олармен (5 шілдеден бастап) 894 фактісі анықталды, оның басым бөлігі той жасау деректері (538 немесе 60,2 %).

«Мониторингтік мобильді топтар өзінің жұмысын жалғастыруда. Сондықтан, індеттің алдын алу бағытында халық көп жиналатын той, отбасылық мерекелерді атап өтуді тоқтатуды сұраймыз. Санитарлық эпидемиялық тазалықты сақтап, медициналық бетпердені киіп, қоғамдық арақашықтықты сақтағанда ғана індеттің алдын аламыз», – деп атап өтті Ибраев Бауыржан Әшімұлы.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: