Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда 99,5 мың адамның жеке куәлігі жарамсыз

29.04.2020, 17:35 794

HALYQLINE.KZ –| Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасы мақұлданды. Құжат төтенше жағдай режимі кезіндегі реттеудің ерекшеліктері белгіленген 14 саланы анықтайды, – деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Құжат экономикаға барынша әсер ететін салаларды қамтиды. Сонымен қатар жедел шараларды, соның ішінде салықтық жеңілдіктер, мемлекеттік сатып алуды жеделдету, әлеуметтік қорғау мәселелері, валюталық реттеу және басқа да мәселелер. Айта кетейік, Заң жобасы төтенше жағдай кезінде жарамдылық мерзімі өткен жеке бас куәлігінің және жүргізушілік куәліктің жарамдылығын қамтамасыз етеді.

 – Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінде Қазақстанда 99,5 мың азаматтың жеке куәлігінің, 68 мың адамның жүргізушілік куәлігінің мерзімі өткен. ХҚО жұмыс істемейтіндіктен оларды ауыстыру мәселесі туындап отыр. Сонымен бірге, жарамсыз жеке бас куәлігі бар адамға 7 АЕК айыппұл түрінде, сондай-ақ құжаты жоқ адамға көлік басқарғаны үшін 20 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік жүктеу әлі жойылған жоқ. Сол себепті жарамдылық мерзімі өткен құжаттар төтенше жағдай кезінде жарамды болуы керек деген ұсынысымыз бар, – деді Мәжіліс депутаты Шафхат Өтемісов.

Бұл ұсынысқа ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов те қолдау көрсетті.

 – Құжатының мерзімі өткен азаматқа менің ойымша, ТЖ режіміне байланысты жаңарту мүмкіндігі жоқ болғандықтан құжатты пайдалану құқығын беру керек деп санаймын. Қазіргі уақытта ІІМ өз құзыреті шегінде осы мәселені шешу үшін қаулы жобасын дайындауда. Осылайша, біздің азаматтарға ТЖ режимі кезінде мерзімі өткен құжатты пайдалану құқығы беріледі, – деді бас экономист.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: