Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық тұрғындар блок-бекетті айналып өтпекші болды

09.04.2020, 15:04 426

HALYQLINE.KZ –| Кеше Қазалы аудандық сотында құқық бұзған үш азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен әкімшілік істер қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, азаматтар Б., С., Б. 7 сәуір күні жергілікті уақыт 8 сағат 00 минутта Қазалы ауданында карантин жарияланып, аудан аумағы бойынша кіруге және шығуға тыйым салынғанына қарамастан төтенше жағдай режимін бұзып, блок-бекетінен айналып, Арал ауданы аумағына өтпекші болған.

Сот қаулысымен аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен кінәлі деп танылып, олар 3 тәуліктен әкімшілік қамаққа алынды.

Азаматтарға қатысты әкімшілік істер елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты «True Conf» мобильді қосымшасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып қаралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: