«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 420.29 (0.75)

  • EUR: 506.87 (-2.33)

  • RUB: 5.66 (-0.06)

Қара жолдағы қаралы оқиғаға кім кінәлі?

14.01.2021, 12:10 41 0

Күні кеше өңіріміздегі «Қызылорда – Құмкөл» автожолының 69 шақырымында жол-көлік оқиғасы болып, бес адам жан тапсырған еді. Бүгінде мәселенің мән-жайы анықталып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

– «Қызылорда – Құмкөл» автожолында болған жол апаты салдарынан екі жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Екі жолаушы медициналық мекемеде көз жұмды. Одан бөлек, 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде. Жол-көлік оқиғасы жол ережесін бұзу салдарынан болуы мүмкін. Сол үшін көлік жүргізушілерін жол ережелерін бұзбауға шақырамыз, – деді облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Егенбердіұлы.

Мамандардың айтуынша, дәл осы аумақта жол-көлік оқиғалары жиі болып тұратын көрінеді. Жүргізушілер ескертпе белгілерге мән бермей, соңы қайғылы оқиғалармен аяқталып жатады.

– Біздің мекемеге хабарлама түскен соң, 6 құтқарушы мен 1 техника оқиға болған жерге аттанды. Оқиға орнына дереу жетіп, арнайы құралдармен «Тойота Хайлюкс» автокөлік жүргізушісінің қысылып қалған денесін шығарып алды. Сонан соң, «Мерседес-Бенц Спринтер» автокөлігінің жолаушылары құтқарылды, – деді төтенше жағдайлар департаменті жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Сағынбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: