Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полиция департаменті өткен жылды қорытындылады

27.01.2021, 16:30 927

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Сұлтан Бектөре Жеңісбайұлы Жедел кеңес өткізіп, өткен жылды қорытындылады. Шара барысында барлық қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.

Облысымыздың тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстарды болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Осы жедел алдын алу шараларының арқасында өткен жылы жалпы қылмыс саны 37 пайызға төмендеп, қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар саны азайды.

Жедел Кеңесте Бектөре Жеңісбайұлы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларды барлық бөлімшелердің басшыларына жеткізді.

Кеңес барысында Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ғалымжан Қаршыға атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақталуына ерекше назар аударылды.

«Өткен 2020 жылы полицейлер ерекше режимде қызмет атқарды. Қоғам тыныштығын сақтаумен қатар олар күні-түні рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуын қатаң қадағалады. Бұл қиындықтарға қарамастан өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымызда қылмыс деңгей 37 пайызға төмендеді.

Алдыңғы шепте міндеттеріңізді мінсіз атқарып, еліміздің тыныштығын сақтауда аянбадыңыздар. Адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін» деді Бектөре Жеңісбайұлы.

Кеңес қорытындысы бойынша департамент бастығы жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша Департаменттің басқарма, бөлім, бөлімшелері басшыларына құқық бұзушылықтардың алдын алуға, ұрлыққа қарсы іс-қимылға, есірткі қылмысына қарсы күреске, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және т.б. қатысты міндеттер қойып, нақты тапсырмалар берді.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінң баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: