Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Полицейлер ескерту жұмыстарын жүргізуде

16.11.2020, 18:00 1001

HALYQLINE.KZ Қызылорда Облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Амитов Шамшидин Егенбердіұлы әлеуметтік желі арқылы онлайн тікелей эфирде және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындарына хабарлама жасады.

Облысымызда күн райының күрт өзгеруіне байланысты жолда абай болуға шақырды.

Жолдарда қатқақ (гололед) болып, соңғы екі күнде 43 жол-көлік оқиғаларында тіркеліп, 4 жол-көлік оқиғаларында 3 адам қайтыс болып, 10-ы дене жарақаттарын алса, 39-ында материалдық шығын келтірілген.

Автомобиль жолдарының көктайғақ қолайсыз орындары «КазАвтоЖол» мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп тез арада тексеріліп, көлік құралының қауіпсіздік қозғалысы қамтамасыз етілуде.

Республикалық маңызы бар жолдарда қауіпті аймақтарына патрульдік полиция бекеттері қойылды.

Жолдарда 9 арнайы автокөліктер жұмылдырылып, арнайы материалдар себу жұмыстары жүргізілді.

Құрметті жерлестер! Күн райының күрт суытып, көшелерде қауіпсіздікті сақтау үшін, жүргізушілер көлік доңғалақтарын қысқы шиналарға шұғыл ауыстыру қажет.

Ауыстырылмаған жағдайда, Әкімшілік кодекстің 590-бабы 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын назарларыңызға саламыз (5 АЕК).

Жаяу жүргіншілерге де көлік құралынан қауіпсіз ара қашықтықты сақтап, тек белгіленген орыннан өту қажеттігін ескертті.

Қызылорда облысы

Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: