Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Махаббат хикаясымен танылған Марленді полицейлер іздеп жатыр

23.08.2020, 17:15 809

Жеті жылға жуық өмір мен өлімнің арасында жатқан сүйіктісінің жанынан бір елі ұзамай, оған қамқор болған Марленнің әрекетіне әлеуметтік желі қолданушылары сүйсінген болатын.

Әлеуметтік желілерде 25 жастағы Марлен Нұрғасеновке ҚР қылмыстық кодексінің 106-бабы «Ауыр дене жарақатын қасақана келтіріп, салдарынан абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қылмыс жасағаны үшін күдікті ретінде іздестіру туралы» ақпарат тарап жатыр. 

Атырау облысының Құлсары қаласында 15 тамызда сағат 19:00 шамасында 35 жастағы ер адамның өлімі хабарлады. «Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Полиция төрт күдіктіні анықтап, қазір іздеуде», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

Еске салайық, Құлсары қаласынан келген жастар Марлен мен Анельдің махаббат хикаясына әлеуметтік желідегі жұрт сүйсініп, таңғалған. Анель 16 жасында қатты ауырып қалады. Жеті жылға жуық  өмір мен өлімнің арасында жатты. Осы жылдар ішінде Марлен сүйіктісінің жанында болып, 10 кг оттегі баллонын көтеріп жүрді. Онымен бірге ауруханада жатып, барлық уақытта оның жанынан табылды. Ktk.kz-тің жазуынша, қазір Марлен Нұрғасеновпен бірге тағы үш адам іздеуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: