Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көші-қон қызметіндегі өзгерістер

15.01.2021, 9:10 568

HALYQLINE.KZ

Көліктегі полиция департаментінен келіп түскен 09.01.2021 жылғы №1-8-3-33/73 санды нұсқауына байланысты Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 қазандағы шешіміне сәйкес бірқатар іс-шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, жол жүру құжаттарының, шетелдіктің тұруға ықтиярхатының, Қазақстан Республикасы визаларының, Қазақстан Республикасында уақытша болуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен немесе өтіп бара жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 2021 жылғы 5 маусымға дейін шығуына әкімшілік жауапкершілікке тартусыз рұқсат етіледі. Шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдардың азаматтығы бар елмен немесе тұрақты тұратын, рұқсат етілген транзиттік жол жүру елімен тікелей көліктік қатынас (авиа, авто және теміржол қатыныстары, сондай-ақ жаяу жүру тәртібінде) болмаған кезде шығарып жіберу туралы сот шешімін өз бетінше орындау мерзімдері ішінде тоқтатылды. 2021 жылғы 5 маусымға дейін шетелдіктердің болу (визалар, уақытша тұруға арналаған рұқсат) мерзімі ұзартылатыны көрсетілген. Сонымен қатар еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаты немесе жергілікті атқарушы орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілікке сәйкес келуі туралы анықтамасы бар шетелдіктердің болу мерзімі ұзартылады. Виза, уақытша тұруға арналған рұқсат шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сапар мақсатында мәлімделген талаптар ескерілмей беріледі. Отбасымен бірігу мақстында Қазақстан Республикасының аумағында жүрген және азаматтығы бар елден құжаттар ұсыну мүмкіндігі жоқ шетелдіктердің болу мерзімі ұзартылады. Виза шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сапар мақсатында мәлімделген талаптары ескерілмей беріледі. Рұқсат беру-ұзарту, қайта ресімдеу  туралы өтінішпен жүгінген еңбекші көшіп келушіге ресімдеу «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабы 2-тармағының талаптарын есепке алмай (Еңбекші көшіп келушінің Қазақстан Республикасында үзіліссіз уақытша тұруының ең ұзақ мерзімі он екі айдан аспауға тиіс) жүзеге асырылады.

Нұрлан  Қыдырәліұлы,

Қызылорда станциясы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызмет тобының аға инспекторы, полиция майоры

Көрнекі  сурет

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: