Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көршісінің шотынан ақша аударып алған

24.11.2020, 12:30 487

HALYQLINE.KZ Қызылордада 27 жастағы ер адам көршісінің сенімін пайдаланып, депозиттік шоттан 304 000 теңгені өзінің банктік шотына аударған. Көршісі оның депозиттік шотын «Homebank» қосымшасы арқылы тексеруді сұраған, ал ол болса акшаны өз шотына аударып алған.

Бір айдан кейін жәбірленуші шотта ақшаның жоқтығын байқап, арызбен Қызылорда қаласының полиция басқармасына жүгінді.

Күдікті полиция қызметкерлерімен ұсталып, өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: