Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Көліктен қарақұйрықтың денесі табылды

19.05.2020, 15:50 506

HALYQLINE.KZ Облыс орталығы тұрғынының көлігінен қарақұйрық денесі мен аңшы мылтығы табылды. Шиелі аудандық Полиция басқармасы ЖПҚБ-ның Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерімен және “Охотзоопром” РМҚК өкілдерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар кезінде 18 мамырда Шиелі ауданы, Телікөл ауылының “Камал” су скважинасының жанында күдік тудырған “ВАЗ” маркалы автокөлігі тоқтатылды.

Автокөлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрық жануарының денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды. Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы жұмыссыз, облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігінің бойынша (заңсыз аңшылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: