Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кепілге қойылған көлікті сатып…

18.09.2020, 11:00 335

HALYQLINE.KZ 16 қыркүйек күні полицияға алаяқтық дерегі бойынша 41 жастағы азаматша арызданды. Жәбірленуші 2015 жылы өзінің «Нексия» автокөлігін кепілге қойып, қала тұрғынынан 300 000 теңге ақша алған. Қарызынан құтылған ол әлі күнге дейін көлігін қайтара алмай жүрген.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 37 жастағы тұрғыны анықталды. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындап, оған қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: