Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Кәсіпкерлік нысандарына рейд жүргізілуде

02.07.2020, 14:00 795

HALYQLINE.KZ Жалағаш ауданында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында құрылған мобильді топ мүшелерімен әлеуметтік нысандарға түнгі рейд жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Рейд барысында мобильді топ мүшелері күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің қатаң сақталуына, жұмыс уақытының бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуіне бақылау жасауда.

2020 жылдың 1 шілдесі күні жүргізілген рейд барысында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтамаған және бекітілген уақыт кестесіне сәйкес жабылмаған 2 кәсіпкерлік нысанға атап айтқанда «Райхан» сұлулық салонына және «Жансая» дүкеніне мобильді топ мүшелерімен акт толтырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: