Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ірі көлемде дәрі-дәрмек заттары тәркіленді

28.10.2020, 15:20 2083

HALYQLINE.KZ

Дәрі-дәрмектерді қымбат бағада сатушылардың және алыпсатарлардың жолын кесу мақсатындағы облыстық прокуратурамен мобильді топтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Облысымызда қызмет көрсететін 328 дәріхананы аралап және түрлі тәсілдермен дәрілік заттарды сатушыларды анықтау жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күнге дейін дәрі-дәрмекті қымбат бағада сатқан 33 дәріхана, Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілерді сатқан 4 дәріхана мен 4 жеке тұлға, арнайы рұқсатсыз және тиісті тіркеусіз жұмыс істеген 1 дәріхана мен 2 жеке тұлға және заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан 17 жеке тұлға анықталып, жауаптылыққа тартылды.

Мысалы, Қызылорда қаласында фармацевтикалық қызметтің рұқсатынсыз (лицензия), кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелместен дәрі-дәрмек сататын және қосымша заңсыз медициналық қызмет көрсететін дәріхана анықталды. Аталған дәріханадан 517 түрлі 9,5 мың дәрілік заттар алынды.

Соттың қаулысымен дәріхана иесіне 223 мың теңге айыппұл салынып, қаулы күшіне енген соң дәрі-дәрмектер мемлекет пайдасына тәркіленуде.

Жалпы, мобилді топтармен 566 түрлі 10 мың қорап препараттар мен 2,5 мың қорғаныш маскалары алынып, медициналық ұйымдарға берілді.

Қызылорда  облысының  прокуратурасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: