Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ирандық балуанға өлім жазасы орындалды

15.09.2020, 11:10 400

HALYQLINE.KZ Иранда кісі өлтірген деген айыппен өлім жазасына кесілген белгілі спортшы, күрестен ел чемпионы Навид Афкариге соттың шығарған үкімі орындалды.

Афкари «құрбан болған адамның ата-анасы мен отбасының талабы бойынша сот рәсімдері орындалғаннан кейін бүгін таңертең өлтірілді» деп хабарлады Фарс провинциясының әділет басқармасының мәліметіне сүйенген мемлекеттік БАҚ.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның бұл ісін айыптады.

Күрестен Иран чемпионы атанған Навид Афкари 2018 жылы Иранның оңтүстігінде болған үкіметке қарсы жаппай наразылық кезінде Шираз қаласында адам өлтірген деген айыппен сотталған.

Афкаридің ісі халықаралық резонанс тудырған. Балуанның туыстары мен белсенділер Афкари тергеу кезінде азаптағаннан кейін жасамаған қылмысты мойнына алуға мәжбүр болды деген. Адвокаты Афкаридің айыбын дәлелдейтін айғақ жоғын айтқан.

Иран сот жүйесі Афкаридің азапталғаны туралы хабарды терістеген.

Бұдан бір апта бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды спортшыны өлтірмеуге үндеген.

«Иранның 27 жастағы тамаша күрес жұлдызы Иран Афкариді өлтірмекші болып отырғанын естідім. Оның бар айыбы – көшеге шығып, наразылық шеруіне қатысқан. Олар «елдегі экономикалық жағдай мен инфляцияның нашарлауына» наразылық білдірген», – деп жазған болатын Трамп 3 қыркүйекте Twitter-дегі парағына.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: