Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі затын тасымалдаған тұрғын ұсталды

04.09.2020, 9:50 521

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 2020 жылдың 02 қыркүйегінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолында Қазалы ауданы тұсында жол ережесін бұзған автокөлік тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізушіден қағазға оралған ерекше иісі бар, шөп ұнтақтары «қарасора» алынды.

Автокөлік жүргізушісі 33 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты.

Бүгінгі күні күдікті ұсталып, ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: