Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Есірткі еккен азамат көше тазалап жүр

08.01.2021, 18:05 437

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты  Сырдария аудандық пробация қызметінің есебінен 2020 жылдың 12-айында 10 сотталғанға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның 9-ы жазаларын өтеп,есептен шығарылды. Қазіргі таңда бір азамат жазасын қоғамдық жұмыс арқылы өтеуде. Ол азамат жасырын түрде есірткі екен. Сол үшін оған аудандық соттың қаулысымен 300 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған. Соттылыққа дейін күріш егумен айналысқан азамат қазіргі уақытта туған ауылын абаттандыру, көше тазалау жұмыстарын жасап жүр.

Аудандық пробация қызметінің бастығы аға инспекторы Асылжан Сақыбековтың айтуынша, бұл азамат күніне 4 сағат ауылдық әкімдік белгілеген жұмыстарды жасайды. Яғни, ауыл көшелерін қардан тазалап, қоқыстарды жинап, қолымен істеген қылмысын осылай өтеп жатыр. Пробация қызметкерлері мен ауыл әкімдігінің мамандары бұл азаматқа жаза өтеудің тәртібі мен міндеттерін түсіндіріп, қайта қылмысқа бармау, сот жүктеген міндеттерді орындау басты міндет екендігін жіті түсіндіріп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қызылорда облысы бойынша

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: