Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Дәрмек»: 2 күнде 3 құқықбұзушылық анықталды

18.11.2020, 11:00 447

HALYQLINE.KZ 16-20 қараша күндері аралығында облыс көлемінде «Дәрмек» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Дәрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Шара барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара кезінде Қызылорда облысы көлемінде орналасқан есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорларының заңды айналымына байланысты 29 дәріхана, 11 қоймалар сақталуы, техникалық нығайтылу жағдайы тексерілді. Тексеру барысында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 426-бабында (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) көзделген әкімшілік құқықбұзушылықтың 3 дерегі анықталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: