Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Браконьерлікпен күрес күшейеді

21.10.2020, 15:05 751

HALYQLINE.KZ

Қазақстанда күн сайын 3 мыңнан астам табиғат қорғаушы инспекторлар өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, табиғатымызды, ондағы жүгірген аң мен ұшқан құсты, судағы балықты, сирек кездесетін және бағалы өсімдіктерді қорғайды. Алайда заң бойынша олардың өз өмірін және отбасын қорғауға ешқандай өкілеттіктері жоқ. Соңғы жылдары браконьерлерге аяусыз майдан ашқан бірнеше қорықшының көз жұмуы – осының дәлелі. Заңмен шырмалған инспекторлардың шарасыздығынан, браконьерлердің жауыздығынынан қаншама жазықсыз жануарлар жаппай қырылып, өсімдіктер оталып жатыр. Қорықшылардың өлімінен кейін бұл мәселеге назар аударған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев браконьерлікпен күресу үшін заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді Үкіметке тапсырды. Бүгінде осы мақсатта түрлі шаралар қолға алынған.

Үкіметтің тапсырмаларын орындау үшін жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылға арналған кестесіне сәйкес браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында Қызылорда ст. ЖПб-нің қызмет ету аумағында ағымдағы жылдың 11 қазаны мен 12 қарашасы аралығында табиғатты қорғау заңнамасы бұзушылықтарын, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған «Браконьер» өңірлік ЖПІШ өткізілуде.

1. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзу және табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау (оның ішінде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сондай-ақ, сексеуілді кесу және сату, инертті материалдарды заңсыз табу және т.б.).

2. Заңсыз алынған биоресурстар объектілері мен өнімдерін (мүйіз, ет, тері, өсімдіктер және олардың тамырлары және т.б.) сатып алу, өткізу, сату орындарын, сондай-ақ, олармен заңсыз айналысатын топтар мен адамдарды анықтау.

3. Азаматтарда аңшылық атыс қаруы мен патрондарды, суық қаруды сақтауға және алып жүруге, аң, балық аулау, ағаш кесу, ағаш және табиғатты пайдаланудың басқа түрлерін дайындау құқығына, сондай-ақ, барлық биологиялық ресурстар түрлерінің объектілері мен өнімдерін тасымалдауға рұқсат құжаттарының бар-жоғы мәніне теміржол вокзалдарында, перрондарда және жолаушылар поездарында, шекаралас бекеттерінде тексеру.

Осы бағытта анықталған заң бұзушыларды әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту және қылмыстық істерді сотқа дейін жеткізу бойынша пәрменді шаралар қабылданатын болады.

А.Бахытов,

Қызылорда ст. ЖПб ӘПб АҚҚАБт инспекторы,

полиция капитаны

Сурет интернеттен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: