Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бір жілік жылқы етін ұрлап…

25.01.2021, 17:45 1206

Көрнекі сурет

HALYQLINE.KZ 24 қаңтар Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 1973 жылы туған азаматша арызданды. Арызданушының айтуы бойынша, түнгі уақытта белгісіз біреулер үйінің пластик терезесін күштеп ашып, тоңазытқыш ішінен бір жілік жылқы етін ұрлап кеткен.

Полицейлермен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «ізін суытпай» осы қылмысқа қатысы бар 37 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен 3-тармағы (ұрлық, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: