Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті

27.11.2020, 11:45 516

HALYQLINE.KZ 2020 жылғы 26 қарашада Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшудегі міндеттерді жүзеге асыру аясында «ZOOM» интернет платформасы арқылы азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.

Қабылдауға облыстың түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың ата-аналары, туған-туыстары қатысты. Қабылдауға жазылып, «ZOOM» интернет платформасы арқылы байланысқа шыққан азаматтардың сұрақтарын мұқият тыңдаған Департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыров сұрақтарға нақты жауап берді.

Сұрақтардың басым көпшілігі жазасын өтеушілердің қамауға алу күндерін заңға сәйкес есептеу, рақымшылық туралы, сәлем-сауқат жіберу, жаза өтеу мерзімін жеңіл жаза түріне ауыстыру мәселелерін қамтыды. Алдағы уақытта азаматтардан түскен әрбір сауал бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілетін болады.

Сұрақтарына толыққанды жауап алған азаматтар ризашылықтарын білдіріп, ҚАЖД басшылығына алғысын айтты.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: