Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атасының қызметтік көлігін немересі мініп кетіп…

24.12.2020, 11:30 452

Елдің алдында қызмет етіп жүр­геннің бәрі бірдей қылаусыз емес. Істің кейбірі піссе, кейде шала піскен жұмыстар болады. Мұндайда ең бірінші ретте зардап шегетін мемлекеттік қызметшілер екенін бағамдап отырған боларсыз. Әдептен асып, шектен шығып бара жатқан мәсе­лелерді бір ретке келтіретін мемлекеттік қызметшілердің тәртібі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралады. Бұл жолғ­ы жиын да шеңберінен аспай, түйінді  мәселелерді  тарқатты.

*Еңбек демалысында жатқа­н мемқызметшінің тыныштығы неге бұзылды?

*Мемлекеттің көлігі кәмелетке толмаған жасөспірімнің басқаруына қалай тап болды?

Осы  мәселелер кеше Әдеп жөнін­дегі кеңестің қорытынды отыры­сында  қаралды.

Күн тәртібінде қаралған істің жай-жапсары жиналғандарды таңғал­дырмай қоймады. Түсінікті болу үшін айта кетейік, Қызылорда облысы прокуратурасының ұсынуымен Жаңақо­рған кенті әкіміне қатысты тәртіптік  іс  қаралды.

Нақты айтқанда, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі №11 үй тұрғыны Есдәулет Бақытжан Медетұлы 2020 жылдың 15 қарашасы күні сағат 01:50 шамасында Жаңақорған кенті, Хорасан ата көшесінің бойында Жаңақорған кенті әкімдігінің теңгеріміндегі мемлекеттік тіркеу белгісі KZ342AV|11 санды «Hyundai Elantra» автокөлігіне KZ286ASA|11 санды басқа­ автокөліктің көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып басқар­ған. Жаңақорған аудандық полиц­ия бөлімінің анықтамасына сәйкес аталған автокөлікті өзге тұл­ғаның заңсыз  басқаруы  немесе  ұрлау фактісі бойынша аудандық полиция бөліміне ешқандай хабарлама түспеген. Дегенмен, болған жағдайға байланысты аудандық полиция бөлімі­мен әкімшілік іс қозғалып, 2020 жылдың 23 қарашасында Жаңақорған аудандық сотына жолданған. Тиісінше, Жаңақорған аудандық сотының 2020 жылғы 26 қарашасындағы қаулысына сәйкес, сот отырысына кәмелетке толмаған Б.Есдәулет және оның заңды өкілі әжесі Ж.Қартан­баева мен адвокат Г.Увайдаева қатысып, сот қаулысымен Б.Есдәулет ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі­мен кінәлі деп танылып, оған заңды түсіндіру түріндегі тәрбиелік ықпал ету шарасы қолданыла отырып, әкім­шілік жауаптылықтан босатылған. Ал жүргізушіге «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілік қолданылған.

Аталған мән-жай бойынша Жаңақорған кентінің әкімі Е.Сейлов Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығына берген өз  түсінігінде:

– Қызметтік автокөлік жүргізу­шіге бұйрықпен бекітіліп берілген. Мекеме­де көлік қоятын орын қарас­тырылмаған. Автокөлік жұмыстан кейін жүргізушінің үйінде тұрады, оқиға болатын күні жүргізуші мен жұмысқа түсер алдында ауылда болмайтынын айтты. Сондықтан га­ражға әкеліп қоюын айтқан едім, бірақ қашан әкелгенінен хабарым жоқ. Жұмысқа түспес бұрын, көшелердің жарықшам­дарын тексеріп шығатыным бар еді. Бұл жолы да солай тексереді деп ойласа керек,­ гаражға әкеп қойыпты. Салдарынан қараша айының 14-інен 15-іне қараған түні сағат 00:00-01:00 шамасында немерем гаражда тұрған көлікке ескі көліктің мемлекеттік белгісін тағып, мініп  кетіпті. 2020  жылдың  6 қара­шасы мен 16 қарашасы аралығында кезекті еңбек демалысында болғандықтан, 15 қараша күні болған оқиға туралы тек келесі күні таңертең естідім, – деді.

Кент әкімінің бұл әрекеті кеңес мүшелері арасында тартысты пікір туғызд­ы. Бірі әкімге тәртіптік жаза ұсынса, енді бірі дәлел мен дәйек ретін­де оның еңбек демалысындағы уақы­тын алға тартты. Алайда көпшілік дауыс­пен тәртіптік іс тоқтатылды. Сонда да осындай жағдайларды өзгелердің­ қайталамауы үшін аудан әкімдігіне арнайы хат жолдайтынын ескертті.

Одан өзге жиын барысында Қазалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің жыл басынан бергі атқарған жұмысы тыңдалды. Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің 2021 жылдың І жартыжылдығына арналғ­ан жеке және заңды тұлғаларды жергілікті жерлерде қабылдау кестесі бекітіліп, талқыланды. Айта кетейік, жыл басынан бері ҚР мемлекеттік қызмет­ істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі өткізген 14 отырыстың 4-еуі онлайн форматта  ұйымдастырылды.

Құқық-ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: