«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 422.87 (-2.62)

  • EUR: 512.1 (-0.74)

  • RUB: 5.63 (0)

Алматыда жоғалған бала Қызылордадан табылды

17.11.2020, 11:00 242 0

HALYQLINE.KZ 14 қарашада Алматы облысы Полиция Департаментінің Панфилов аудандық полицияның кезекші бөліміне 36 жастағы азаматша арызданды.

Оның айтуынша, 14 қарашада кешкі сағат 18:00 кәмелетке толмаған баласы үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған.

Дереу іздестіру іс-шаралары басталды, Қазақстанның барлық қалаларына жасөспірімнің белгілері бар бағдар жіберілді.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері еріктілермен бірге жоғалған жасөспірімді іздестіруге белсене қатысты.

Жедел түрде кәсіби қызметкерлер қатарынан іздестіру тобы құрылды. Олардың арасында криминалдық полицияның аға жедел уәкілі, полиция майоры Байгалым Ибраев та бар. Жоғалған жасөспірімді барлық жерлерден іздеді: тас жолда, вокзалдарда, базарларда, үйлердің шатырларында, құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, компьютерлік клубтарда және т.б.

15 қараша күні, сағат 16:00 Қызылорда қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жүргізген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жасөспірім Қызылорда қаласының автовокзалынан дені сау, әкесіне аман-есен тапсырылды.

Белгілі болғандай, бала үйден кетіп, Шымкент қаласына дейін жетіп, такси көлігімен Ақтөбе қаласына әкесіне бармақ болған.

Әкесі қызылордалық полицейлерге адал еңбегі үшін алғыс білдіріп, қызметіне табыс тіледі.

Қызылорда қалалық полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: