Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

4 сиырды ұрлаған 3 адам ұсталды

13.10.2020, 11:00 835

HALYQLINE.KZ Қызылордалық полицейлер мал ұрлығы қылмысын ашты. Мал жайылымынан Арал ауданы, Тоқабай елді мекенінің 61 жастағы тұрғынының 4 бас сиыры ұрланған болатын. Ұрланған әр сиырдың құны 180 мың тұрады.

Мал ұрлығы қылмысын ашуға дереу кіріскен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ауданның 3 тұрғынын анықтап, айғақ заттар алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция

департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: