Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Заманауи медиа және баспасөз қызметі» атты тренинг өтті

23.10.2020, 13:15 920

HALYQLINE.KZ Бүгінгі күні жер шарының барлық түкпiрiне хабар-ошар бiрнеше сағат iшiнде тарайтындай бұл кезеңнiң ең қымбат капиталы ақпарат болғандықтан баспасөз қызметінің мамандары журналистикада, редакция жұмысында, басылым өндірісі саласында, радио және теледидар жұмысында білікті болуы қажет. Медиа саласымен тығыз байланыс орнатып, кез келген органның қоғаммен байланысын реттеп, жұмыс істейтін арнайы өкілдері саналатын баспасөз хатшылары маңызды рөл атқарады.

Баспасөз хатшылары мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген мамандар журналистермен тығыз байланыс орнатып, БАҚ беттеріне жарияланатын нақты мәліметтерді ұсына білулері қажет. Баспасөз қызметі мамандарының біліктілігін арттыру, білімін шыңдау бағытында облыстық ішкі саясат басқармасы «Заманауи медиа және баспасөз қызметі» тақырыбында оқыту семинар курстарын ұйымдастырды. Облыстық семинар-тренингті облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет ашып, журналист Н.Нұрмахан, А.Тұңғышбаева лебізін білдірді.

Семинар-тренинг санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, 3 секцияға бөліп өткізілді. Оқыту семинарының тренерлері «Qyzylorda» телеарнасының бас редакторы, «Үш таған» ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі, «Сорос» халықаралық қорының грант иегері Айнұр Тұңғышбаева, республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналының бас редакторы, журналист Нұрлан Нұрмахан, «Социум-Қызылорда» қоғамдық қорының басшысы, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Ерлан Мусаев өңірдің баспасөз хатшыларымен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Облыстық семинар-тренингке қала, аудан әкімдіктерінің, облыстық басқармалар мен аймақтық департаменттердің 60-қа жуық баспасөз хатшысы, өзге де ұйымдар мен мекемелердің PR менеджерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында фойеде «Сыр журналистикасының тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: