Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлтшылдықтан үркудің керегі жоқ!

17.12.2020, 11:00 389

HALYQLINE.KZ

Ұлтшыл деген сөзден үркудің керегі жоқ. Керісінше, біздің ұлтсызданып бара жатқан қоғамда ұлтшыл болуға ұмтылған абзал. Ерлан Қаринге де бір жолы осы сауалды қойғанмын. Ол: «Бір өкініштісі, біз тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде ұлтшылдықтан үркіп, бас тарттық. Мемлекеттің дамуына бастапқы энергияны беретін – осы. Оны ұлтшылдық, ұлтжандылық деп қалай атасақ та бәрібір. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін, бізде ең алдымен элитада, зиялы қауымда бір үрей қалыптасты. 20 жыл бойына осы ұлтшылдықты басып келдік. Тіпті, оны ұлтжандылық деп жұмсартып, көпұлттылық деп өзгертіп, өзімізді өзіміз алдап, сол ұғымды жоққа шығарып келеміз» деген батыл пікір білдірді.

Бір заманда коммунистер алашордашыларға «ұлтшыл» деген айып тақты. Кеңес билігі Желтоқсанда «қазақ ұлтшылдығы туралы» арнайы қаулы шығарып, еліміздің түкпір-түкпірінен ұлтшылдарды іздеді. Сол заманда ол қорқынышты сөз болатын. Ал бүгін заман басқа. Менің түсінігімде ұлтшыл деген өз ұлтын, елін, Отанын шын сүйетін адам деген сөз. Ол адам өз ұлтына жаны ашиды. Ұлттық құндылықтарын қастерлейді. Салт-дәстүрін толық ұстанады. Ендеше, бәріміз ұлтшыл болуға ұмтылуымыз керек. «Біз ұлтшылмыз, мемлекетшілміз!» деп алға адымдай берейік.

Төлен Тілеубай,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: