Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үш жылда 721 қандасымыз көшіп келді

21.12.2020, 9:45 416

HALYQLINE.KZ Соңғы үш жылда облысқа 721 қандасымыз көшіп келді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында Қызылорда ОПД Көші-қон полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.

Өткен жылы «Халықтың көші-қоны туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Яғни, қандастардың азаматтық алу мерзімі қысқартылды. Қазір көші-қон қызметі саласында 12 мемлекеттік қызмет көрсетілуде, оның 75% электронды. Жыл соңына дейін 90 пайызға жеткізілмек. Жалпы, биыл 96 мың 640 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Өздеріңіз білетіндей, пандемияға байланысты облыс аумағына бүгінгі күнге шетелдіктердің келуі азайды. Қазіргі таңда көші-қон қызметі саласымен облыс аумағына түрлі мақсаттармен 2 мың 964 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынды. Өткен жылы 25 мыңнан астам өзге елдің азаматы келген болатын. Жыл басынан еңбекші көшіп келушілер шетелдіктерге барлығы 6 мың 507 рұқсат рәсімделіп, жергілікті бюджетке 92 млн астам теңге салық түсті, – деді Сағындық Убайдуллаұлы.

Бұдан бөлек, халықты құжаттандыру мәселелері бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті шаралар жалғасуда. Мүмкіндігі шектеулі және зейнеткерлік жастағы адамдарды, көпбалалы аналарды, мүгедектерді құжаттандыру үшін көші-қон қызметінің және ХҚКО-ның арнайы тұрғылықты жері бойынша үйлеріне баратын мобильді топтың жұмысы ұйымдастырылған. Мобильді топтармен барлығы 2 мың 500-ден астам тұрғынның құжаты әзірленді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: