Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындарға кеңес берілді

27.11.2020, 15:00 495

HALYQLINE.KZ  Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Рафхат Бисенов Мамандандырылған бөлімінің жұмысымен танысып, сала басшыларымен бірге азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Азаматтарды қабылдауға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалы, облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы, қалалық кірістер басқармасы басшылары қатысып, тұрғындардың жеке сауалдарына жауап берді.

Жеке қабылдауда тұрғындар тарапынан көліктерді тіркеу, оларды есептен шығару, көлік салығын төлеу және армениядан әкелінген көліктер мен жүргізуші куәлігін алу т.б. мәселелер бойынша сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

Айта кету керек, жыл басынан бері Мамандандырылған бөлім арқылы 58 878 қызмет көрсетілді. Оның ішінде қызметтер бойынша 46 087 көлік тіркелсе, 6 964 азаматқа жүргізуші куәліктері берілді. Ал, 65 қызылордалық емтиханды сәтті тапсырып, алғашқы жүргізуші куәлігін алған.

Сонымен қатар, шарада Мамандандырылған бөлімнің мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында «egov.kz» электрондды үкімет порталы арқылы онлайн қызметтерді алу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: