Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тілсіз жаудың кесірінен тіл тартпай кетті

24.02.2020, 10:41 624

Ақпан айының 23-і күні 18 сағат, 48 минутта Қызылорда қаласы, Шілдебаев көшесі 74 тұрғын үйден өрт шығып жатқандығы туралы «112» құтқару қызметіне хабар түсті.

Аталған оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жалпы ауданы 12×15 тұрғын үйдің, асхана бөлмесінен өрт оқиғасы шыққаны анықталды. Тілсіз жауды оқшаулау барысында өрт сөндірушілер газ түтінінен қорғау буынына қосылып, үй ішінен ес-түссіз жатқан 1983 жылғы азаматты қауіпсіз жерге шығарған. Алайда жедел-жәрдем қызметкерлерінің қарауынан соң қайтыс болғаны анықталды. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 25 қызметкер жұмылдырылды.

Өрт салдарынан тұрғын үйдің асхана бөлмесіндегі тұрмыстық заттары мен төбе жабыны жанған. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.

Қызылорда облысы ТЖД

Өрт сөндіру және

авариялық-құтқару қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: