Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тіл тағдыры бүгін шешілуі керек

11.04.2020, 15:21 439

HALYQLINE.KZ –| Бүгінгі таңдағы шешімін таппаған ұлттық мәселелердің басы – тіл мәселесі. Және барлық мәселелердің түп негізі деп білемін. Тіл – ұлттың жаны. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Біз өз жерімізді қазақша сөйлеп ғана құтқара аламыз» деген сөзінің жаны бар. Оның бір дәлелі ұлт мүддесі қашан да сынға түскен сәтте қазақтілді, ұлт жанашырлары ғана басын бәйгеге тігетіні жасырын емес.

Созбақтайтын ештеңе жоқ. Конституцияның 7-бабындағы қос тілді заңға өзгеріс енгізу туралы барлығы жазып жүр, айтып жүр. Тіл туралы заңдағы қостілділіктің кесірінен қазақ тілінің тұғыры болмай тұр. Тіл тағдыры бүгін шешілуі керек. Мемлекеттік тіл біреу ғана. Ол – қазақ тілі. Қазақ тілін халықаралық, ғылым, технология тіліне айналдыратын уақыт жетті.

Қалқаман АБДРАХМАНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: