Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу мекемесіндегі қаржы мамандарының қызметі қандай?

27.11.2020, 11:00 397

HALYQLINE.KZ Бүгінгідей нарық заманында кез келген мекемедегі қаржы саласының орны айрықша. Қалың көпшілік бұл сала қызметкерлерінің жұмысы тек айлық жалақыны есептеумен ғана шектеледі деп ойлауы мүмкін. Бірақ, олардың мекеме жұмысы қызметінде атқаратын өзге де міндеттері бар екенін біле бермейді. Соның ішінде, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қатысты ЗК-169/1 тергеу мекемесі жұмысында Қаржымен қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлерінің басқа мекемемедегі қызметкерлерге қарағанда өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені олар тек қызметкерлердің айлық жалақысы немесе мекеме қаражат шығындарымен ғана емес, сотталған азаматтардың қаржылық мәселері бойынша да жұмыс істейді.

Сала қызметкерлерінің атқаратын негізгі міндеттерінің біріне шарушылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың айлық жалақысын есептеу және атқару парағын мекемеге сұратып, солардың өндіруін қамтамасыз ету жатады. Бүгінгі таңда 14 адамның 28 атқару парағы толтырылған.

Бұл қызметтері – сот шығыны үкімін өндіру яғни, сотталғанның жеке немесе заңды тұлғаларға зиян келтірген материялдық шығындарын өтеп беру бойынша атқарылатын жұмыстар. Бұл шығындар шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың айлығынан, соттың атқару парағына және сот орындарының қаулысына сәйкес өндіріледі.

Осы уақытқа дейін бөлім қызметкерлері өз міндеттерін тыңғылықты атқарып келеді. Бүгінгі таңда бөлімде төрт қызметкер жұмыс істейді. Бас есепші Бейсекенова Алманың ҚАЖ саласында жұмыс істегеніне 13 жыл болған, тәжірбиелі қызметкердің бірі. Бұл бөлімдегі мекеменің қаржыға қатысты барлық атқарылар жұмыстарын бақылап, қатаң қадағалауда ұстап отырады. Ал, 9 жылдық еңбек өтілі бар материлды бугалтер Танабаева Жадыра мен есепші жас маман Айна Оразалина мекемедегі бар есеп-қисапқа жауапты. Мекеме қаражатын үнемдеп, үнемделген маңызды салаларға бөліп жұмсауды қадағалау, экономист Г. Төлепбергеноваға жүктелген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: