«Халық» газетіне – 20 жыл!

  • USD: 423.87 (1.47)

  • EUR: 505.25 (2.47)

  • RUB: 5.59 (0)

Теңгені әрі қарай ұстап тұруға Ұлттық банктің қауқары жетпейді

16.03.2020, 16:29 166 0

Қазақстанның Ұлттық банкі бүгіннен бастап, теңгені еркін айналымға жіберіп отыр. Ол дегеніміз курстың құнын анықтауға және ұстап тұру үшін өктемділік саясатының жүргізілмейтіндігін білдіреді.

Өткен аптада-ақ Ұлттық банк курсты ұстап тұрамыз, ол үшін біздің резервтеріміз жеткілікті деп мәлімдеген болатын. Шындап келгенде алтын резерв қорының 70%-ы алтыннан тұрғандықтан, шетелдік валютаның резервтегі үлесінің жеткіліксіздігін айғақтайды.

Демек әрі қарай теңгені ұстап тұруға Ұлттық банктің қауқары жетпейді, енді нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде теңгенің нақты нарықтық бағасы анықталатын болады. Тек бұл арада спекулянттарға жол берілмеуі қажет. Себебі бұл жағдай, әлсіз теңге экспорттаушылар үшін, яғни мұнайлы компаниялар үшін тиімді.

Өткен аптада АҚШ Федералды резервтік жүйесі қысқа мерзімді өтімділікті 1,5 трлн. АҚШ долларға беруді және кеше кезектен тыс доллардың кілтті пайыздық мөлшерлемесін 0-0,25%-ға дейін төмендетіп, экономиканы қолдау және мүмкін құлдырау салдарын азайту үшін жалпы сомасы 700 млрд. АҚШ долларын бөліп, сандық жеңілдетілген (QE – quantitative easing) бағдарламаны жариялады.

АҚШ Федералды Резервтер Жүйесі үй шаруашылығын және бизнесті несиелендіруді, сондай-ақ жұмысбастылықты және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық құралдарын қолдануға даярлығын мәлімдеді.

Ал бізде керісінше базалық пайыз 12-ге дейін көтеріліп отыр. Ол дегеніміз үй шаруашылығы мен бизнеске берілетін несиелердің қымбаттап жатқанын көрсетеді. Қазір коронавирустың елімізде пайда болуына байланысты жасалған төтенше жағдай бизнестің табысын ортайтып отыр, олардың бүгінге дейін алып отырған несиелерін төлеуге байланысты каникул жарияланса игі еді.

Сондай-ақ бизнес үшін арзан ақшаның төмен пайызды несиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Ал азаматтардың теңгенің құнсыздануына байланысты ортайып жатқан жалақыларын өсіру қажет, әйтпесе халықтың төлем қабілеттілігі төмендеп барады.

Экономист Мақсат Халықтың Facebook-тегі  парақшасынан  алынды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: