Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жолақы төлеудің 9 түрлі тәсілі

27.08.2020, 10:00 528

HALYQLINE.KZ Жолаушылар автобусында орнатылған электронды төлем жүйесіне арналған көліктік картаны қолданудың ережелері халық арасында кеңінен түсіндірілуде. Жалпы, жолақыны 9 түрлі әдіспен төлеуге болады.

1. «AlemPay» көліктік картасы;

2. «SMSBus» мобильді қосымшасы;

3. 2505 қысқа нөміріне телефондағы бірлік арқылы төлеу. Ол үшін көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін хабарлама арқылы жіберу керек (тегін).

4. Электрондық билет арқылы. Оны жолаушы SMS немесе «SMSBUS Passenger» мобильді қосымшасы арқылы алады. Электрондық чек нөмірі QR код түрінде көрсетіледі. Жолаушы электронды билетті сапардың соңына дейін сақтап, жол жүру төлемін тексеру үшін бақылау қызметіне автоматты түрде сканерлеуді ұсынуы керек.

5. «Homebank» қосымшасы. Электрондық билетті алу үшін «Homebank» қосымша арқылы жол жүру ақысын төлейтін жолаушылар «Электрондық билет» ашып, «Homebank»-те көрсетілген ұялы телефон нөмірін және банктік картадағы соңғы 4 санын енгізу керек.

6. Альтернативті төлем әдістері. Жолаушылар төлемнің бұл түрін несие картамен немесе Kaspi.kz арқылы төлей алады. Ол үшін телефонға «Smsbus» мобильді қосымшасын орнату керек.

7. Банк картасы Халық банкінің ePay жүйесінде бір рет тіркелуі керек. Тіркелу үшін «Банк картасын тіркеу» түймесін басыңыз.

8. QR кодты сканерлеу арқылы төлеу.

9. Қолма-қол төлем жасап, кассалық түбіртек алу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: