Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

WhatsApp-та жаңа функция іске қосылады

06.10.2020, 12:00 715

HALYQLINE.KZ WhatsApp-та белгілі бір нөмірден не топтан келетін хабарламаларды келмейтіндей етіп өшіріп тастауға мүмкіндік беретін функция қосылды.

Қазір қосымшаның Android-қа арналған бета-нұсқасы тестілеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды Gizmochina.

Аталмыш функция қосылғаннан кейін, мессенджер қолданушылары уатсаптағы топтан шықпай-ақ оған келетін хабарламаларды өшіріп тастай алады. Мұндай функция WhatsApp-та бұрын болған. Бірақ хабарламаны 8 сағатқа, бір аптаға не бір жылға ғана өшіріп тастауға болатын еді.

Енді Telegram-дағы сияқты ұзақ уақытқа тоқтатып тастауға болады.

Сондай-ақ мессенждердің «Қойма интрейфейсі» жаңартылып, қолдануға барынша ыңғайлы етіп жасалды. Чат тізімінен іздеуге арналған батырма мен бағдарламаның өзінде мультимедианы қолдануға, мәтін мен суреттерді жөндеуге, түзетуге арналған қосымша қызметтер іске қосылмақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: